Қырғызстанның арнайы қызметтері елдегі билікті басып алмақ болғандарды ұстады

175

Ұсталған топ криминалдық идеалогияны қолдайтын, дінге қатты берілгендерден тұрады. 

Қырғызстанның арнайы қызметтері елдегі билікті басып алмақ болғандарды ұстады Фото: cactus.media

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) елдегі билікті күшпен басып алудың алдын алды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар шеңберінде деструктивті топтың құқыққа қайшы іс-әрекеттері тоқтатылды, олар билікті күштеп басып алуды жүзеге асыру және азаматтардың өлімімен байланысты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру арқылы елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруды жоспарлаған", - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, бұл топқа қылмыстық идеологияны қолдайтын, сондай-ақ дінге қатты берілген адамдар кірді. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шаралардың нәтижелері бойынша Қырғызстанның төрт азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды.

"Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша және пайдаланылатын автокөлік құралдарында жүргізілген тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға арналған компоненттер, атыс қаруы, оқ-дәрілер, рациялар, сауыт-саймандар, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нысанды киім-кешектері, дрондар, экстремистік әдебиеттер, сондай-ақ басқа да тыйым салынған заттар табылды және тәркіленді", - делінген ведомство ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу