Қырғызстанның бұрынғы лауазымды тұлғалары билікті "күшпен басып алуды" жоспарлаған

881

Бір топ адам парламент сайлауынан кейін билікті күшпен басып алуды жоспарлаған. 

Қырғызстанның бұрынғы лауазымды тұлғалары билікті "күшпен басып алуды" жоспарлаған

Жекелеген деструктивті саяси күштердің арасында Жогорку Кенеш депутаттары мен бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі мен akipress сайтына сілтеме беріп.

Тергеу мәліметтері бойынша, сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін топ бірқатар саясаткердің қолдауына сүйене отырып (олардың арасында сайлаудан жеңілгендер де болады) Бішкекте жаппай наразылық акциясын ұйымдастыруды жоспарлады. Олар арнайы қызметтердің сөзімен айтсақ, "тәртіпсіздік жасайтын" мыңға жуық жасты жинаған. Арандатуды ойлаған. 

26 қарашада тергеушілер белсенді қатысушылардың үйлері мен кеңселерінде тінту жүргізді. Қауіпсіздік қызметкерлері қылмысқа дайындықты растайтын құжаттарды, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен есірткілерді тапты. Бұл топтың 15-тен астам мүшесі ұсталды. Қылмыстық істі тергеу аясында басқа да күдіктілерді анықтау жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу