Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы қамауға алынды

788

Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Оған Бішкек Жылу электр орталығын жөндеуге бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр. Соттың шешіміне дейін ол изоляторда қамауда отырады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында сарышұнақ аязда Бішкектің жылу электр орталығында апат болған еді. Станса жұмысын ретке келтіруге бір апта кеткен. Осыдан кейін Қырғызстанда осыған қатысты  үлкен дау шықты. Сол уақытта үкімет Сатыбалдиев басқарған болатын.

Айта кетейік, тағы бірнеше шенеунік қамауға алынды. Қатарында бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков пен Бішкектің бұрынғы мэрі Кубанычбек Клматов бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу