Қырғызстанның экс-депутатының қамалу мерзімі ұзартылды

745

Қырғызстанның экс-депутатының қамалу мерзімі ұзартылды

Арнайы операция барысында ұсталған Қырғызстанның жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулу тағы екі ай қамауда ұсталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, экс-депутаттан бөлек, тағы екі Қырғызстан азаматы Уланбек Мурадилов пен Эмилбек Кочорбаев та 15 шілдеге дейін қамауда болады. 

Еске сала кетсек, ақпан айында еліміздің төрт өңірінде Қазақстанның құқық қорғау органдары бірлесіп ірі арнайы операция жүргізген болатын. Операция барысында Қазақстан аумағында 35 адам ұсталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу