Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев кінәлі деп танылды, бірақ жаза тағайындалмады

164

Бұл туралы экс-президенттің адвокаты Сергей Слесарев мәлімдеді. 

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев кінәлі деп танылды, бірақ жаза тағайындалмады Фото: РИА Новости

Қырғызстанның Первомай аудандық соты елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты қылмыстық топ басшысы Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі бойынша сырттай кінәлі деп таныды. Алайда қылмыстық істің мерзімі өтіп кеткендіктен, оған жаза тағайындалмады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Азиз Батукаев ісі бойынша сот үкімі шықты. Атамбаев кінәлі деп танылды, бірақ істің ескіру мерзімі өтіп кеткендіктен, жаза қолданылған жоқ, – деді Слесарев.

Айта кету керек, бұған дейін Алмазбек Атамбаев 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылған болатын.

Сонымен қатар Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған топтың ұсталғаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу