Қырғызстанның экс-президенті сотқа жедел жәрдеммен жеткізілді

565

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 1 желтоқсанда жедел жәрдем көлігімен сотқа жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.  

Қырғызстанның экс-президенті сотқа жедел жәрдеммен жеткізілді Фото: 24.kg

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жеткізілді. Оны жедел жәрдем көлігімен әскери қызметкерлердің сүйемелдеуімен әкелінді.

Тергеу Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы "Қызмет бабын асыра пайдалану" бойынша жүргізілуде.

16 маусымда сот Алмазбек Атамбаевты екі қылмыстық іс бойынша ақтады. Одан кейін түрік азаматтарына заңсыз төлқұжат беріп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу