Қырғызстанның экс-президенттерінің үйлерінде балаларды оңалту орталықтары ашылады

527

Бұл елде мүгедектігі бар 200 мың адам тіркелген, оның 35 мыңы – кәмелетке толмағандар.

Қырғызстанның экс-президенттерінің үйлерінде балаларды оңалту орталықтары ашылады

Қырғызстанның бұрынғы президенттері Құрманбек Бакиев пен Алмазбек Атамбаевтың үйлерінде балаларға арналған оңалту орталықтары ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz бұл елдің еңбек министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстары басталып кетті.

"Тәулік бойы жұмыс істейтін бұл орталықтарда мүгедектігі бар балалар, жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының немесе сезім мүшелерінің мүгедектікке әкеліп соққан ауруларына шалдыққан балалар, психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар балалар ем ала алады", – деп жазылған хабарламада.


Бакиевтің үйі Бішкек қаласының Жібек жолы, 519 мекен-жайы бойынша, Атамбаевтыкі Қой-Таш ауылында орналасқан. Қазір екі ғимарат та мемлекет меншігінде. 

Қырғызстанда мүгедектігі бар 200 мың адам тіркелген, оның 35 мыңы – кәмелетке толмағандар.

Табиғат Нұрболат

 

Фото: Қырғызстанның еңбек министрлігі сайтынан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу