Қырғызстанның қарызын азайтуға қатысты құжатқа қол қойылды

1383

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытынды отырысында одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 20 құжат қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қырғызстанның қарызын азайтуға қатысты құжатқа қол қойылды

Іс барысында навигациялық пломбадағы ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №16 шешімінің орындалу барысы, Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары, Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі жөніндегі ережеге өзгеріс енгізу, құрылыс саласында қызмет көрсетудің бірыңғай нарығының жұмысын қамтамасыз ету, қызмет көрсетудің бірыңғай нарығының жұмысы аясында бағалау қызметін іске асыру шарттарына арналған ортақ тәсіл, Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылғы бюджетінің жұмсалуы жөніндегі есеп, Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған бюджеті, Еуразиялық экономикалық одақтың сотына жүгіну кезінде кәсіпорындар төлейтін салық мөлшерін бекіту, Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету, Қырғыз Республикасындағы мемлекеттік басқару секторының қарыз мөлшерін азайтуға бағытталған бірлескен шаралар туралы құжаттарға қол қойылып, мөр басылды.

Бұл құжаттар Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі интеграциялық үдерістерді нығайтуды көздейді

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу