Қырғыз елінің Бішкектен кейінгі ірі қаласы – Ош күллі түркі жұртынан жиналған делегаттарды қабылдады, деп хабарлайды almaty.tv.
Жиында түбі бір түркі жұртын қалай жақындастырудың жолдары талқыланып, Ош қаласының өзіндік ерекшелігі таныстырылды.
"Ош баяғыдан бүгінгі күнге дейін өте маңызды шаһар болып саналады. Өйткені ол географиялық, сауда-экономикалық жағынан өте ыңғайлы жерде орналасқан. Ош арқылы екі бағытқа еркін қатынауға болады: бір жағынан – Нарын арқылы Шығыс Түркістанға, екінші жағынан Алтай арқылы Қашқарға шығуға болады. Сонымен қатар, Ферғана, Бұқара, Самарқан, Қазақстан арқылы Еуропаға жетуге болатын жол бар", – деді тарих ғылымдарының докторы Байболат Абытов.
2012 жылдан бері "Түрксой" халықаралық ұйымы ұйымдастырып келе жатқан бұл жоба бойынша осыған дейін 7 қала түркі дүниесінің мәдени астанасы атанған. Олардың қатарында Қазақстанның екі қаласы да бар.