Бұл туралы бүгін 24.kg ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Депутат Эмиль Токтошевтің айтуынша, қазіргі уақытта Баткеннен Бішкек пен Шу облысына ішкі көші-қон ұлғайған.
"Көбісі Шу облысына көшіп жатыр. Оларға көмектесу керек. Сондай-ақ шекара маңындағы ауылдармен жұмыс істеу керек. Министрлер Кабинеті қалайда халықты сол жерде қалуына көндіруі керек. Себебі мемлекет қайраткері Ысқақ Раззақов айтпақшы, шекараны сыммен қоршалған қабырға емес, халық қорғайды", — деді ол.
Парламентарий сонымен қатар Баткен облысына жақында болған қырғыз-тәжік қарулы қақтығысынан кейін қалпына келтіруге бөлінген ақшаның қайда кеткенін. сұрап, Министрлер Кабинетінен есеп талап етті.
"Жергілікті тұрғындар ақшаның қайда кеткенін білмейміз деп отыр", - деп қосты ол.