Қыркүйек айы Киберқауіпсіздік айы болып жарияланды

349

Бұл абоненттерді телефон алаяқтарынан қалай қорғап жатқанымызды тағы бір рет еске салуға жақсы себеп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қыркүйек айы Киберқауіпсіздік айы болып жарияланды Фото: ЖИ

Биылғы мамыр айынан бастап біз 30 мыңнан астам күмәнді қоңырауды арнайы антифрод байланыс орталығына бағыттадық. Алаяқ өзін әлеуетті құрбанмен сөйлесіп отырмын деп ойлайды, алайда шын мәнінде оны желіде мүмкіндігінше ұзақ уақыт ұстап тұруға тырысады. Ол осы қоңырау барысында басқа абоненттерге қоңырау шала алмайды. Бұл телефон алаяқтарымен күресте қолданылып жатқан құралдардың бір ғана мысалы.

2026 жылдың басынан бері Kcell желісінде алаяқтық белгілері бар 19,7 миллионнан астам қоңырау және 6 миллионнан астам алаяқтық пен спам сипатындағы SMS-хабарлама бұғатталды. Сонымен қатар күмәнді белсенділік анықталғаннан кейін 31 мыңнан астам нөмір бұғатталды.

Біз сондай-ақ Ұлттық Банктің Антифрод орталығына қосылып, ақпарат алмасу процесін автоматтандырдық. Егер банк, басқа оператор немесе абонент күмәнді нөмір туралы хабарласа, жүйе оны бірден тексеруге жібереді. Осылайша шамамен 54 мың нөмір тексеріліп, оның 3,5 мыңға жуығы алаяқтық нөмір деп танылып, бұғатталды.

Бұрын таныстарымнан өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалатындар туралы оқиғаларды жиі еститінмін. Әдетте мұндай әңгімелер SMS-кодты сұраумен аяқталатын. Бүгінде осындай қоңыраулардың едәуір бөлігі абонент тұтқаны көтермей тұрып-ақ бұғатталады.

Алайда технологиялар қарапайым ережені жоққа шығармайды: банк немесе мемлекеттік органның нағыз қызметкері ешқашан SMS арқылы келген кодты сұрамайды. Егер осындай әңгіме басталса, бірден тұтқаны қойып, ұйымға ресми нөмірі арқылы өзіңіз қайта қоңырау шалған дұрыс.

Алаяқтардың тәсілдері үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан қорғаныс жүйесі де бір орында тұрмауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу