2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 614,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын автомобильдердің үлесі – 7,4%, дизель отынымен – 7,1%. Газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 213 бірлікке артты, көліктің жалпы санында газ баллоны бар автомобильдің үлесі 0,3% құрады. Тағы 11 706 бірлік автомобиль электр энергиясы есебінен қозғалады және олардың жалпы көлік санындағы үлесі 0,2% құрады, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,8 есе өсті.