Қыркүйек айында республика бойынша 544 368 ЖРВИ жағдайы тіркелді, өткен жылғы есеппен салыстырғанда бұл көрсеткіш 27%-ға төмен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы басталды. Жыл сайын республика бойынша ЖРВИ 4-5 млн тұрғыннан анықталып, тұмауды 2 мыңға жуық адам жұқтырады. Соңғы аптада ЖРВИ диагнозы 171 532 адамға қойылған, бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 9%-ға төмен", – деп хабарлады ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова.
Осы айда 544 368 ЖРВИ жағдайы тіркелді, өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 27%-ға төмен.
"Тұмау әлі ешбір тұрғында тіркелген жоқ. Бұдан бөлек Қазақстанда тұмауға жатпайтын вирустар да таралуда. Басқа да тұмау емес инфекцияларға қыркүйек айында 388 сынама зерттелді. 137 сынама нәтижесі: риновирус – 49 (оң нәтижелердің 36%-ы), бокавирус – 35 (26%), парагрипп – 25 (18%), аденовирус – 17 (12%), РС вирусы – 7 (5%), басқа вирустар - 4 (3%)", – деді комитет төрағасы.