ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесіне сәйкес биыл қыркүйекте елдегі жылдық инфляция 17,7% (тамызда – 16,1%) құраған. Аймақтар бойынша жылдық инфляция 20 өңірде жоғарылады. Ең жоғары көрсеткіш Астана қаласында, тамыз айында инфляция 17,3%, ал қыркүйек айында 20,0%-ға дейін артқан.
Азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша Маңғыстауда ең жоғары көрсеткіш тіркелді, мұнда бағалар 29,7%-ға өскен.
Ұлттық Банк өкілінің дерегінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны бойынша Астана қаласы оқ бойы тұр -26,3%, ең төменгі мәндер Алматы қаласында -13,8%.
Ақылы қызмет көрсету бағасы қыркүйекте 12,3%-ға өскен, республика бойынша жоғары баға Ұлытау облысында тіркелді, 16,5%. 8,2% меже көрсеткен Ақтөбе облысында баға едәуір төмендеген.
Ұлттық банк дерегінше бұл соңғы 5 жылда 2017-2021 жылдар аралығында қыркүйек айындағы инфляцияның орташа мәні 0,3% деңгейінде қалыптасса, биыл ол көрсеткіш 1,8%-ды құрап отыр.
2022 жылдың қыркүйек айында еліміздің барлық өңірінде баға орташа тарихи нормадан жоғары болды.