Қыркүйек айында қазақстанда электрондық еңбек биржасы іске қосылады

696

Қыркүйек айында қазақстанда электрондық еңбек биржасы іске қосылады

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеме жасады. 

Ол елімізде 1 наурыздан бері нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанын баяндады.

Бағдарлама қолға алынғаннан бастап, оған қатысқан 80 мыңнан астам адамның 31 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылып, 20 мыңнан астам жас маман әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне жіберілсе, 29 мыңға жуық қазақстандық қоғамдық жұмысқа жолданған.

91 арнайы жобаны жүзеге асыру аясында қысқа мерзімді курстарда кадр даярлау басталып, жақын арада 5 облыста пилоттық тәртіпте мобильді оқу орталықтары қатарға қосу жоспарланған. Жеке іс ашуға немесе бизнес өрісін ұзартуға 260 несие берілген.

"Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында, азаматтардың жұмыс табуы мен жұмыс берушілердің білікті қызметкерлер іздеу үдерісін жеңілдету үшін электрондық еңбек биржасын құруға кірістік. Бұл дегеніңіз, жұмыспен қамту орталықтары (әрі қарай – ЖҚО), ізденушілер, кәсіпорындар, түрлі меншік сипатындағы ұйымдар, персонал таңдаумен айналысатын рекрутинг компаниялары сынды еңбек нарығындағы барлық мүдделі тараптардан жиналатын тегін әрі біртұтас ақпараттар базасы жасалады. Осы арқылы, аталған онлайн-платформаны дүниеге әкелудің арқасында, дәстүрлі еңбек қатынасы бос жұмыс орындары мен персоналды дербес таңдау бағытына ауысады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу