banner

Қыркүйек айының үздік спортшысы анықталды

1625

Қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. 

Қыркүйек айының үздік спортшысы анықталды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында "Қыркүйектің ең үздік спортшысына" дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті.

Қыркүйек айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Бекзат Нұрдәулетов (бокс), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс), Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес), Игорь Сон (ауыр атлетика), Хорлан Жақанша (грек-рим күресі).

Дауыс беру бүгін сағат 13:00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, 43,07 пайызбен Бекзат Нұрдәулетов топ жарды. 23,34 пайызбен Хорлан Жақанша екінші орынға жайғасса, 22.08 дауыс жинаған Нұрқожа Қайпанов үшінші орынға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу