Қыркүйек және қаңтар айларында 4,8 млн тонна астық экспортталды

188

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жедел мәліметтері бойынша 2024-2025 жылғы қыркүйек-қаңтар айларында 6,1 млн тонна астық тасымалданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қыркүйек және қаңтар айларында 4,8 млн тонна астық экспортталды Фото: canva.com

Оның ішінде 1,3 млн тоннасы – ел ішінде, ал 4,8 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. Экспорт көлемінің өсуі – 47%.

Экспорт бағыттары: Өзбекстан – 1,8 млн тонна (+40%); Тәжікстан – 724 мың тонна (+50%); Қытай – 659 мың тонна; Ауғанстан – 217 мың тонна (+38%); Иран – 576 мың тонна (өсім 29 есе); Әзербайжан – 266 мың тонна (өсім 88 есе).

2024 жылдың қорытындысы бойынша: 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 2,5 млн тоннасы – ел ішінде, 8,1 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның 817 мың тоннасы – Қазақстан ішінде, 2,4 млн тоннасы – экспортқа (өсім +3%).

Ұнның негізгі импорттаушылары: Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу