Қыркүйекке дейін 10 млн-ға жуық адамға вакцина салынады

725

Өңірлерде 916 екпе пункті иммундау шарасын жүзеге асырып жатыр.  

Қыркүйекке дейін 10 млн-ға жуық адамға вакцина салынады

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Министрдің мәлімдеуінше, күзге дейін 10 млн-ға жуық адам вакцина алады. 

"Қыркүйек айына дейін елімізде 10 млн-ға жуық адамды немесе қамтылуға тиіс контингенттің 100%-ын вакцинаға қолжетімдігін қамтамасыз ету жоспарланған", – деді Алексей Цой. 

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі елдегі және әлемдегі  эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауда ұстап отыр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу