Ол биыл сәуірде Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтерді 15% көтергенін, бұл соңғы тұтынушыға әсер ететінін атап өтті.
"Біз бұл жағдай қазақстандықтарға әсер етпеуі үшін жұмыс жүргіземіз. Қыркүйектен бастап өсім болады. Сондай-ақ маусымда өңірлердің бір бөлігі электр энергиясының бағасын көтерді, ал бағаны көтеріп үлгермеген облыстар мен қалалар күзде оны өсіреді", - деді Асхат Жапсарбай ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, осы жылы қазақстандықтар үшін электрмен жабдықтау бағасы орта есеппен 10% өскен.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу