Қыркүйекте халықаралық жолаушылар форумы өтеді

574

Қыркүйекте халықаралық жолаушылар форумы өтеді

Қыркүйекте халықаралық жолаушылар форумын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды railways.kz.

Бұл шешімді Мәскеудегі достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі кеңесінің 66-шы отырысы қабылдады. Форумға Әзірбайжан, Армения, Белорус, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Латвия, Литва, Эстония теміржол әкімшіліктері шақырылды. Жолаушылар форумы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізіледі.

"РТЖ" ААҚ бірінші вице-президенті Анатолий Краснощек ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Қазақстан үшін ғана емес, Достастық елдері үшін де маңызының зор екендігін атап өтті.

"Біз бұл шараға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Көрме тақырыбы айрықша маңызды – "жасыл технология" барлық жерде өндіріске енгізілуде. Теміржол инфрақұрылымында экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен жақсарту өте маңызды",- дейді А. Краснощек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу