Бұл көрсеткіш тамыз айындағы деңгеймен бірдей. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Есепті айда бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандаған.
Оның ішінде пияз – 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3% төмендеді. Сонымен қатар алмұрттың бағасы 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% арзандады.
Балалар тағамына арналған ботқалар 6,1%, құмшекер 1,3% төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында да баға төмендеген өнімдер бар.
Атап айтқанда, қол кремі – 6,9%, балалар жаялығы – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машина мен қысқа толқынды пеш – 1,8%, душқа арналған гель 1,4% арзандаған. Ал жылдық инфляция тамыздағы 9,8%-дан қыркүйекте 9,3%-ға дейін төмендеді.
Бір жыл ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11%-ға, ақылы қызметтер 8,9%-ға, азық-түлік өнімдері 8,5%-ға қымбаттады.
2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда кейбір жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы да төмендеген. Алма 11,1%, лимон 8,3%, қызылша 6,9%, қырыққабат 6,1%, банан 5,6%, тәтті бұрыш 3,9% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде автомобильдердің бағасы 11,3%, электр жылытқыштар 9,1%, кондиционерлер 8,7%, электр еттартқыштар 5,6%, балалар конструкторлары 2,6%, медициналық маскалар 1,7% төмендеді.