Қыркүйекте құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі артты

885

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында құрылыс саласына 48,9 млрд теңге көлемінде қаржы шығындалды. 

Қыркүйекте құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі артты

Finprom.kz басылымы дерегінше, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,5%-ға аз. 2019 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында 83,6 млрд теңге құйылған еді. 

Өткен айда бұл салаға 10,4 млрд теңге бөлінді: тамыздағы көрсеткіштен 1,8 есе көп, бірақ 2019 жылдың қыркүйегіндегі қаржы көлемінен 16,3%-ға аз. 

Атырау облысы (9,1 млрд тг), Алматы қаласы (8,4 млрд тг) және Алматы облысы (5,5 млрд тг) инвестиция мөлшері бойынша көш бастап тұр. 

Инвестициялық белсенділік барлық өңірде дерлік төмендеген. Бірақ үш өңірде керісінше артып отыр: Қостанай облысы (3,6 млрд тг), Түркістан облысы (1,1 млрд тг) және Павлодар облысы (1 млрд тг). 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу