Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа оқу жылында 4 апталық жазғы мектеп ұйымдастырылады.
"Жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады және 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 апта жазғы мектеп ұйымдастыру жоспарланды. Мектептер желісі жаңа мектептердің ашылуына байланысты өсті. Соның ішінде мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептердің де саны артты", -– деді министр.
Оның сөзінше, биыл мектепте 3 млн 600 мыңға жуық бала білім алады.
"Колледждер контингенті - 470 мың, университет студенттерінің саны 650 мың адам. Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрық және арнайы дайындалған әдістемелік нұсқаулық бекітіліп, аймақтарға жіберілді", – деді Асхат Аймағамбетов.
Қанат Махамбет