Қыркүйекте пәтер бағасы арзандауы мүмкін – вице-министр

766

Бүгінде елімізде тұрғын үйдің бағасы тұрақталған.

Қыркүйекте пәтер бағасы арзандауы мүмкін – вице-министр

Қыркүйекте үйдің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Қазақстанда пәтер бағасы бақылауда екенін атап өтті.

"Биыл қаңтарда жаңа салынған үйдің бағасы 3-8%-ға өссе, бұрын салынған үйлердің 2,7%-ға көтерілді. Маусымда бұрын салынған үйлердің бағасы 1-2%, ал жаңа салынған үйің бағасы 0,9%-ға өсті", деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, бүгінде елімізде пәтер бағасы тұрақталған.

"Жыл басында үйдің бағасы күрт көтерілген кезде маусым-шілдеде баға тұрақталатынын айтқан едік. Зейнетақы жинағындағы ақшаны  алуға берілген мүмкіндік пәтерге деген жоғары сұранысты қалыптастырды. Менің ойымша, маусым-шілдеде үйдің бағасы тұрақталғанын көріп отырмыз. Қыркүйекте үйдің бағасы төмендеуі мүмкін деп ойлаймын", – деп түйіндеді сөзін Қайырбек Өскенбаев.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу