Air Astana 10 қыркүйектен бастап сейсенбі мен жұма күндері Airbus А320 әуе кемесімен орындалатын Шымкент-Жидда жаңа тікелей рейсіне билеттерді сата бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
КС 235 рейсі Шымкенттен Жиддаға 09.30-да ұшып шығып, Жиддаға 13.05-те ұшып келеді. КС 236 рейсі Жиддадан Шымкентке 15.35-те ұшып шығады, Шымкентке сағат 23.00-де жетеді. Мұнда әуежайлардың жергілікті уақыты көрсетілген. Ұшу ұзақтығы - 5 сағат 35 минут.
Эконом-кластағы барып-қайту билеттерінің ең төменгі құны алымдардың барлығын қосқанда 384 600 теңге, бизнес-класта - 864 309 теңге.
Естеріңізге салайық, Жиддаға рейстер Алматыдан да бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Сонымен қатар, Астана әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты, Air Astana 8 тамыздан бастап Алматы-Қарағанды тікелей рейсін іске қосады. Рейс елордалық әуежайда жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.
КС 311 рейсі Алматыдан Қарағандыға 21.20-да ұшып шығп, Қарағандыға 22.50-де келеді. КС 312 кері рейсі Қарағандыдан Алматыға 23.50-де ұшады және Алматыға 01.20-да келеді. Ұшу ұзақтығы - 1 сағат 30 минут. Эконом-кластағы алымдармен бірге барып-қайту билеттерінің ең төменгі құны 35 179 теңге, бизнес-класта - 104 529 теңге.