Қыркүйекте тұмауға қарсы екпе егу басталады

404

Вакцинация қараша айына дейін жалғасады деп күтіліп отыр. 

Қыркүйекте тұмауға қарсы екпе егу басталады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық мақсатында 2 млн 200 мың вакцина сатып алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік республикада тұмау бойынша эпидахуал қалыпты деп отыр.

"Биыл тұмауға қарсы ресейлік "Гриппол" вакцинасының 2,2 млн дозасы сатып алынды. 1 қыркүйекке дейін барлық медициналық ұйым вакцинацияға дайын болуы тиіс", - деді Тимур Сұлтанғазиев тілшілердің сауалына берген жауабында.

ДСМ бірінші вице-министрінің сөзінше, медициналық қызметкерлер, балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар ересек адамдар, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратындар екпені тегін алады. Азаматтардың қалған санаты екпені ақылы түрде алуына болады. Тимур Сұлтанғазиев жекеменшік емханалар мен дәріхана желілері тұмауға қарсы вакцинаны сатып алатынын жеткізді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, жыл сайын елімізде халықтың 12 пайыздан астамы тұмауға қарсы екпе алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу