Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгінде еңбекақы алатын медицина мамандары мен салалық келісім бойынша еңбекақы алатын ТМККК және МӘМС шеңберінде қаржыландырылатын денсаулық сақтау нысандары қызметкерлерінің жалақысында алшақтық байқалады.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл алшақтықты жою мақсатында 2023 жылға белгіленген түзету коэффициентін дәрігерлер үшін 2,73-тің орнына 3,42 мөлшерінде, орта медицина қызметкерлеріне 2,05-тің орнына 2,34 мөлшерінде арттыруды ұсынып отыр.
"2023-2025 жылдарға қосымша қаражат 36 млрд теңгеден астам қаражатты құрады. Оның ішінде биылға 5 035 875 мың теңге, 2024 жылға – 15 409 146 мың теңге, 2025 жылға – 15 666 970 мың теңге", - делінген қаулы жобасының анықтамасында.
Құжатты жария талқылау 28 шілдеге дейін жалғасады.