Қыркүйектен бастап елімізде жаңа телеарна жұмысын бастайды

1079

"Tamasha tv" телеарнасын Есен Елеукен басқарады.

Қыркүйектен бастап елімізде жаңа телеарна жұмысын бастайды

"Қазақстан" телерадокорпорациясының құрамы тағы да бір жаңа телеарнамен толықты, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ойын-сауықтық "Tamasha tv" телеарнасы эфирге жол тартады. Жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда  SD форматта таратылатын  болады. Бүгінгі күні спутниктік ОТАУ ТВ операторының аудиториясы шамамен  900 000-ға жуық болса, ал  ID TV-ді  413406 –ға жуық абонент қолданады.

"Tamasha tv" телеарнасының эфирі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының ішкі телеөнімімен толықтырылтын болады. Айта кетсек:  "Әзіл әлемі" "Жайдарман", " Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен", комедиялық  телехикаялар  және т.б қызықты жобаларды ұсынбақ.      

Сондай-ақ, жаңа телеарнада  телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы  сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады. 

"Tamasha tv" телеарнасының орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. 

"Tamasha tv" телеарнасының директоры боп Есен Елеукен тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу