Қыруар қаржы бөлініп салынған нысандар іске қосылмаған

600

Қыруар қаржы бөлініп салынған нысандар іске қосылмаған

ШҚО-да серпінді индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы бірқатар жоба тоқырап тұр. Қыруар қаржы бөлініп салынған нысандар іске қосылмаған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Атап айтсақ, Өскемендегі күн батареяларын шығаратын зауытты салуға қазынадан 350 миллион АҚШ доллары жұмсалған болатын. Дей тұрғанмен, аталған кәсіпорын әлі күнге дейін бірде-бір өнім шығармапты.

"Осы өндіріс орнын да жан-жақты тексеру қажет. Зауыт бір күн де жұмыс істемеген.Сондай-ақ, онда қолданыстан шыққан құрал-жабдықтардың орнатылғаны белгілі болып отыр. Яғни, мемлекет қаржысы желге ұшты деген сөз", – деп түйіндеді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу