Қырық жамау жол үшін 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

307

Жамбылдағы жауаптылар жол белгілерін де дұрыс орнатпаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қырық жамау жол үшін 332 лауазымды тұлға жауапқа тартылды Фото: gov.kz

Тіпті теміржол өткелдерін күтіп-ұстауда олқылыққа жол беріпті.

Мәселен, 24 маманның селқостығынан жол-көлік оқиғалары тіркелген. Ал, 69 лауазымды тұлға жол реттеудегі техникалық құралды бүлдіргені үшін айыппұл арқалапты.

Өңірдегі жолдарға 2700-ге жуық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде, 12 мыңнан аса ақау анықталған. Енді ережеге сәйкес, 1 300 жаңа жол белгісі орнатылды.

Одан бөлек жалпы ауданы 11 мың шаршы метр болатын шұңқырларға жөндеу жүргізіліпті. Сондай-ақ, 10 мың шақырым жолдың белгілері жаңартылған.

Айта кетейік, жауапқа тартылған тұлғалар ішінде әкімдік қызметкерлерінен бөлек "Қазавтожол" мамандары да бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу