Қырылған киіктерге қатысты Экология министрлігі пікір білдірді

746

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Батыс Қазақстандағы киіктердің қырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қырылған киіктерге қатысты Экология министрлігі пікір білдірді Фото: EcologyofQazaqstan

Ведомствоның дерегіне қарағанда, 19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтаған. Оның 95 %-ы төлі, 5%-ы аналықтары. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан.

"Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін аталмыш өлекселер Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром"ӨБ"РМҚК қызметкерлерімен жойылады", - делінген министрліктің жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу