Қырым көпірі төтенше жағдайға байланысты жабылды

946

Қырым көпірі "төтенше жағдайға" байланысты белгісіз мерзімге жабылды. 

Қырым көпірі төтенше жағдайға байланысты жабылды Фото: Тelegram арна

Telegram-арналар жарылыстар болғаны жайлы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Дүйсенбіге қараған түні Қырым көпірі жабылды, өйткені Ресей билігі 145-ші тірек аймағында "төтенше жағдай" болды деп хабарлады, алайда мұндай тұжырымдаманың нақты нені білдіретіні айтылмады.

Telegram-арналар көпірде жарылыстар болғанын және оның бір аралығы құлағанын жазады.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков екі адамның қайтыс болғанын растады. Қырым көпіріндегі төтенше жағдайдан зардап шеккен көлікте ер адам мен әйел болған. Олардың кәмелетке толмаған қызы аман қалды, бірақ жарақаттанған.

Ресей Федерациясының Көлік министрлігі тіректердің зақымдануы туралы ақпаратты жоққа шығарып, көпірдегі жол төсемінің зақымданғаны туралы хабарлады.

Паром өткелі де тоқтатылды. Қырым көпірінің кіреберісінде ұзын-соңар кептеліс. Басып алынған Қырымның басшысы Сергей Аксенов пен Ресей Көлік министрлігі түбекке және түбектен басып алынған Мелитополь арқылы жетуге кеңес берді.

Қырым курорттарының министрі Вадим Волченко туристерге қонақүйлерден шықпауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу