Қырым көпірі үшін қарсы шабуыл

996

Ресей армиясы Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып әуе шабуылдарын жасауда. 

Қырым көпірі үшін қарсы шабуыл Фото: Ведомости

Одесса, сондай-ақ Николаевская, Донецк, Херсон, Запорожье мен Днепропетровск облыстары ресейлік дрондардың шабуылына төтеп беруде, деп хабарлайды Inbusiness.kz Украина әуе күштері мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Назар аударыңыз! Аралас шабуыл! Одесса, Николаев, Херсон, Запорожье, Донецк, Днепропетровск облыстарында — ұшқышсыз ұшу аппараттарынан соққы жасалу қапі бар. Полтава, Черкасс, Днепропетровск, Харьков, Кировоград облыстарында баллистикалық қару қолдану қаупі бар", — делінген хабарламада.

Киев режимінің Одесса әскери әкімшілігінің баспасөз хатшысы Сергей Братчук өзінің Телеграм арнасында Украинаның Әуе қорғанысы жүйелері "Одессада Ресей авиациясының шабуылына тойтарыс берді" деп жазды.

"Одесса: әуе қорғанысының жауынгерлік жұмысы жүріп жатыр", - деді ол.

Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер өз кезегінде Ресей Украинаның оңтүстігіне соққы беретін дрондармен шабуыл жасап жатқанын жеткізді.

"Шабуылдардың бірнеше толқыны болуы мүмкін. Тіпті зымырандар жіберілуі мүмкін! Әуе дабылы тоқтағанша қауіпсіз жерден шықпаңыздар", - деп ескертті Кипер.

Шығыста, Киев режимінің әскери-әуе қолбасшылығының мәліметі бойынша, Ресей Полтава, Черкасс, Днепропетровск, Харьков пен Кировоград облыстарына шабуыл жасау үшін баллистикалық зымырандарды қолдануы әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу