Қырым көпірін жаруға атсалысқандар туралы қылмыстық істі Армения ҰҚК қозғады

448

Ұлттық қауіпсіздік қызметі "терактіге" Армения азаматының қатысы бар-жоғын тексермек. 

Қырым көпірін жаруға атсалысқандар туралы қылмыстық істі Армения ҰҚК қозғады

Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қырым көпірінде террорлық шабуыл жасауға атсалысқандар туралы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кавказский узел ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Жақында ғана ФҚҚ Армения азаматы Артур Терчанянды Украинаның Қорғаныс министрлігінің барлау бас дирекциясы Қырым көпірінде жарылыстың жүзеге асуына пайдаланылған жарылғыш затты Болгариядан Арменияға тасымалдауды ұйымдастыруға тартқан адамдардың бірі деп жариялады. Кейінірек Арменияның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғауды бастайтынын мәлімдеді.

"Алынған мәліметтердің шынайылығын тексеріп, істің барлық мән-жайларын анықтау мақсатында Армения ҰҚК тергеу басқармасында халықаралық терроризмге жәрдемдесуге, бір топ адамның ЕАЭО шекарасы арқылы жарылғыш заттарды контрабандалауға, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасауға байланысты қылмыстық іс қозғалды", – делінген Армения ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталмыш жүктің 27 қыркүйекте Арменияға үш сағатта келгені белгілі. Кешкі сағат он бірде жүк Арарат кеденінде уақытша сақтау қоймасында болды. Екі күннен кейін, 29 қыркүйекте, сағат 16:12-де кеден қызметкерлері жүк көлігін тексеріп, сағат 16:40-та оны кеденнен шығарды.

Сондай-ақ ФҚҚ 29 қыркүйектен 3 қазанға дейін Украинадан Болгария арқылы шығарылған жүк Ереванда кедендік рәсімделіп, құжаттар дәл осы жерде ауыстырылған.

Сәйкесінше, содан кейін жіберуші ретінде Арменияда тіркелген "ГУ АР ДЖИ ГРУП" ЖШҚ көрсетілген.

8 қазан күні таңертең Қырым көпірі арқылы көлік қозғалысы жарылыстан кейін толығымен жабылды. Ұлттық Терроризмге қарсы комитет жарылыс салдарынан теміржол құрамының жеті цистернасы өртеніп, көпірдің екі автомобиль аралығы жартылай құлағанын хабарлады.

Жарылыс кезінде жүк көлігінің жүргізушісі, сондай-ақ жарылыс кезінде көпірден өтіп бара жатқан жеңіл көліктегілер: Петербург гидтері Эдуард Чучакин мен Зоя Софронова қаза тапты. 11 қазанда Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі жарылыс кезінде Мәскеу төрелік сотының судьясы Сергей Масловтың да қаза тапқанын айтты.

Ресей Федерациясының ФҚҚ бұл іс бойынша Ресейдің бес азаматын және Украина мен Арменияның үш азаматын ұсталғаны туралы есеп берді. Күдіктілердің жалпы саны 12 адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу