Қырым көпірінде жанармай цистернасынан өрт шыққан, көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Қырымның Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, бұғаз арқылы өтетін пойыздардың қозғалысы да тоқтатылған, деп жазады inbusiness.kz “РИА Новости” сайтына сілтеме жасап.
"Вагондардың бір бөлігі бар локомотив Керчь станциясына шығарылды. Авариялық жұмыстар жүргізілуде. Оқиғаның себептері анықталып жатыр”, - деп хабарлады “Қырым темір жолы” компаниясының баспасөз қызметі.
Осыған дейін Қырым басшысының кеңесшісі Олег Крючков өзінің Телеграм арнасында көпірдің кеме өтетін аралығы зақымданбағанын жазған.
Айта кету керек, Қырым көпіріндегі автокөлік қозғалысына арналған бөлік 2018 жылдың мамыр айында, 2019 жылдың желтоқсанында теміржол бөлігі пайдалануға берілген.