Қырымның шығыс бөлігіндегі полигонда оқ-дәрі қоймасында өрт болды. Бұл туралы Ресей тағайындаған аннексияланған аймақтың басшысы Сергей Аксенов хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Полигонға жақын орналасқан төрт елді мекеннің 2 мыңға жуық тұрғынын эвакуацияланды. Өртке байланысты "Таврида" трассасы да жабылды.
Өртке не себеп болғаны жайлы ресми ақпарат жоқ. Куәгерлерге сілтеме жасаған қоғамдық Telegram-арналар өрттің алдында бірқатар жарылыстар болғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта қоймадағы оқ-дәрілерді шығару жалғасуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу