Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

529

Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорда.  

Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимінде өтті.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.

Одан бөлек, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің азаматтықты өзгерту мәселелері жөнінде 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала нәтижелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Комиссия Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 1037 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

Комиссия 300 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу