Қырымбек Көшербаев Қытайдан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті

1861

"Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы аудандағы индустриалды колледждің түлектерін – 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын.

Қырымбек Көшербаев Қытайдан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті

Қызылорда облысында жыл соңына қарай цемент зауыты іске қосылады, деп хабарлайды egemen.kz.

Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында зауыттың құрылыс жұмыстарымен танысып, Қытай Халық Республикасынан білім алып келген 17 жас маманмен кездесті.

Естеріңізге салайық, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту үшін "Гежуба Шиелі Цемент" компаниясы аудандағы индустриалды колледждің түлектерін – 46 адамды білім алуға әрі зауытта жұмыс істеуге даярлықтан өтуге жіберген болатын. Аймақ басшысы оқуын тәмамдап келген алғашқы 17 түлекпен кездесті. Қазіргі таңда екінші топпен оқитын 80 студент іріктеліп алынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде зауытқа электр желісімен жабдықтау және темір жол салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ облыстық бюджеттен өнеркәсіптік аймаққа газ құбырын салу үшін қаражат бөлінді.

Шиелідегі цемент өндіретін зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млн тоннаны құрайды. Жоба аясында 50 гектар жер телімі бөлінді, оның 46 гектары нақты зауыт құрылысы үшін, ал төрт гектарында қызметкерлерге арналған әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Кәсіпорын өнімдері Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД және ҚХР елдеріне жеткізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу