Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды
26 Қараша 2020 20:20 135

Мемлекеттік хатшы өз дәрісінде тәуелсіздікті нығайту жолдары, Елбасының көшбасшылық феномені туралы кеңінен баяндады.
Қырымбек Көшербаев әлемдік экономиканың қазіргі ахуалы, мемлекеттік басқарудың жаңғыру жолдары және дүниежүзілік пандемияның сабақтары жайындағы ойларымен бөлісті. Дәріс соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.