Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздары Әсел Серікбай және Назерке Нұрғалимен кездесті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Румынияның Яссы қаласында, шахматтан оқушылар арасында Әлем чемпионаты өткен болатын. Жарысқа әлемнің 45 елінен 570 спортшы қатысты. Бұл сайыста Қазақстан құрама командасынан 33 спортшы бақ сынады. 9 турдан 8,5 ұпай жинаған Әсел Серікбай Әлем чемпионы атанды, Назерке Нұрғали 7,5 ұпай жинап, күміс жүлдені иеленді.
Облыс әкімі Әсел Серікбайға 500 мың теңгенің, Назерке Нұрғалиға 300 мың теңгенің, ал жаттықтырушысына 200 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті.