Қырым түбегіндегі Севастополь және Евпатория қалалары шегінде бірнеше жерде жарылыстар болды. Бұл туралы "Украинская правда" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Осы аумақты жаулап алған Ресей билігі бұл шабуылдардың дрондармен жасалғанын айтып жатыр. Мұны Севастопольдің "губернаторы" Михаил Развожаев өз Telegram-арнасында атап өтті. Ұшқышсыз ұшақтың екеуі қарсы күшпен жойылды. Жарылыстар дауыстарын естіген жергілікті тұрғындар оның жалындарын өз көздерімен көрген.
"Төтенше жағдайлар қызметі азаматтық инфрақұрылымдар өртенбегенін және оларға зақым келтірілмегенін хабарлайды. Зардап шеккендер де жоқ", – деп жазды Развожаев Telegram-да.
Әзірге жарылыстарды кімдердің жасағандары белгісіз. Себебі, Украина тарапы мұны әлі өз мойындарына ала қойған жоқ.