Қырымда халық көп тұтынатын заттың тапшылығы туындады

Қалада электр энергиясын жеткізуде де қиындықтар тіркелген.   

Қырымда халық көп тұтынатын заттың тапшылығы туындады Фото: vot-tak.tv

Севастополь билігінің мәлімдеуінше, арнайы өкім шыққанға дейін өңірде барлық бұқаралық іс-шара тоқтатылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырымдағы бензин тапшылығы халықтың айтарлықтай мәселесіне айналды. Сондай-ақ, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсуіне байланысты қаладағы көшелердің жарығы уақытша сөндіріледі.

Тіпті, түбекте электр энергиясын тұтынуға уақытша шектеулер енгізілуі де мүмкін.

Бұған дейін Қырымды қамтамасыз ету бағыттарына және энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған украиналық дрон шабуылдары салдарынан өңірде жанармай тапшылығы туындаған болатын. Осыған байланысты 21 маусымнан бастап жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға бензин сату толық тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу