Қырымда Ан-26 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырап, алты экипаж мүшесі мен 23 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұшақпен байланыс сейсенбі, 31 наурызда Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00 шамасында (Астана уақыты бойынша сағат 20:00) үзілді.
"Ұшақ Қырым үстінен жоспарлы рейспен ұшқан", – деп мәлімдеді Ресей Қорғаныс министрлігі.
1 сәуір түні Ресей Қорғаныс министрлігі іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағының құлаған жерін тапқанын хабарлады. Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау.
Оқиға орнындағы дереккөз ұшақтың жартасқа құлағанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу