Қырымдағы лагерьге кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды ма?

2989

Бұл мәселеге байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында пікір білдірді.

Қырымдағы лагерьге кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды ма? Фото: primeminister.kz

Ресей басқыншылығындағы Украинаның жері – Қырымдағы лагерьге демалуға кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды, деп жазады inbusiness.kz.

"Балалардың бәрі аман-есен оралды. Барлығы әке-шешелерінің қолында. Мұндай жеке меншік олимпиадалар мен байқауларға тосқауылдар қойылды. Ол тосқауыл бар. Бірақ бұл жерде мынаны түсіну керек. Бұл ата-аналардың өз еркімен жасалған дүние. Әрі қарай мұндай мәселелерге жол берілмес үшін білім басқармасының бұйрығынсыз және министрліктің құқық қорғау комитетінің рұқсатынсыз балаларды шетелге жіберуге жол бермеу мәселесі қолға алынып отыр", - деді ол.

Айта кету керек, Қазақстанның 10 оқушысы Қырымда орналасқан лагерьге демалуға 24 күнге аттанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу