Қырымдағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

683

Украинаның әлеуметтік желілерінде базаға Украинаның зымырандары ұшырылды деген болжамдар жазылуда. Бірақ ресми түрде бұл ақпарат расталмады.

Қырымдағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

Қырымдағы Новофедоровка ауданындағы Саки аэродромында бірнеше жарылыс болып, салдарынан бір адам қаза тапты.

Тағы тоғыз адам зардап шекті, олардың қатарында екі бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті биліктің хабарламасына сілтеме жасап .

РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аэродром аумағында бірнеше авиациялық оқ-дәрі жарылған. Өрт ауыздықталып, жарылыстың себебі анықталуда. 

Ведомство "жарылыс атыс салдарынан болған жоқ " деп мәлімдеді. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен санитарлық авиация жіберілді.

Қырымдағы жергілікті биліктің хабарлауынша, 30-ға жуық адам аэродромнан қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға болған жер қоршауға алынды. 

Жарылыс салдарынан кент орталығындағы көп қабатты үйлерде терезесі сынған. Кейбір тұрғындар жертөлелерде түнеуге мәжбүр болды. Орталық алаңдағы дүкендер, жарылыс орнынан бір шақырымнан астам қашықтықта орналасқан мәдени орталық ғимаратына зақым келді.

Полиция қызметкерлері кент көшелерінде кезекшілік атқаруда. Украинаның әлеуметтік желілерінде базаға Украинаның зымырандары ұшырылды деген болжамдар жазылуда. Бірақ ресми түрде бұл ақпарат расталмады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу