Қырымның батысындағы Новофедоровка курорттық ауылының маңындағы аэродромда оқ-дәрілер жарылып, салдарынан жарақат алғандардың саны 13-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Аудандық ауруханада 10 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар. Олардың барлығы жеңіл жарақат алған. Бір науқас стационарда емделіп жатыр.
Бұған дейін 9 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.
9 тамызда Қырымдағы "Саки" әскери аэродромында авиациялық оқ-дәрілер жарылды. РФ Қорғаныс министрлігінің атыс әсері тіркелмеген және әуеайлақта авиациялық техника зақымдалмаған.
РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аэродром аумағында бірнеше авиациялық оқ-дәрі жарылған. Ведомство "жарылыс атыс салдарынан болған жоқ " деп мәлімдеді.
Украинаның әлеуметтік желілерінде базаға Украинаның зымырандары ұшырылды деген болжамдар жазылуда. Бірақ ресми түрде бұл ақпарат расталмады.
Табиғат Нұрболат