Ресей Қырымды Украинаға қайтаруы тиіс

1581

Оның айтуынша, 24 ақпанда басталған соғыс Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне негізделген бітіммен аяқталуы керек.

Ресей Қырымды Украинаға қайтаруы тиіс

Қырым Украинаға қайтарылуы тиіс. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған "Қырым платформасы" аясында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Қырымды басып алу әрекетін заңсыз, конституциялық емес деп санаймыз. Бұл – моральдық және заңдық тұрғыдан алғанда біздің түпкілікті ұстанымымыз. Халықаралық құқық Қырымды Украинаға қайтаруды талап етеді. Бұл бүкіл өңір үшін және әлемдік қауіпсіздік жүйесі үшін маңызды", – деді ол.

"24 ақпанда басталған соғыс Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне негізделген бітіммен аяқталуы керек", – деді Ердоған Қырым платформасының екінші саммитінде сөйлеген сөзінде.

Естеріңізге сала кетейік, 19 тамызда Түркия президенті Украина қаласы Львовқа барып, Украина Президенті Владимир Зеленский және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, Ердоған Зеленскийге Путинмен келіссөздерді Түркияда жүргізуді ұсынды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу