Қыс басталғалы 1300-ге жуық автожол учаскесі жабылды

312

Оның ішінде республикалық 659 және 656 облыстық және жергілікті маңызы бар учаскелер бар.  

Қыс басталғалы 1300-ге жуық автожол учаскесі жабылды Фото: freepik

Мыңнан астам дауылды ескерту жарияланды, 5 мыңға жуық хабарлама және "Дармен" мобильді қосымшасында хабарламалар таратылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаровтың айтуынша, құтқару бөлімшелері шамамен 9310 адамды құтқарды және эвакуациялады, оның 414-і - балалар. Қар құрсауынан 1232 техника шығарылды. Жолдардың жабық учаскелеріне арнайы техника жұмылдырылып, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатарынан бекеттер қойылды. 

"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері айқындалып, 33 мың адам және 12 мың бірлік техникадан құралған топтар қалыптастырылды", – деді спикер.

Жалпы қар үйінділерінің салдарын көбіне Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының автожолдары көріп отыр. Бұл аймақтарда жиі жол кептелісін байқауға болады. 

"Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, дауыл туралы ескертулерді елемейтін, сондай-ақ жазғы дизельді пайдаланатын жүргізушілер негізінен қар құрсауында қалады. Осыған орай, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде", – деп хабарлады министрлік өкілі.

Жалпы 2023-2024 жылдардағы қар көшкіні қаупі бар кезеңдерде көлемі 29 мың шаршы метрге тең 27 қар көшкіні тіркелді. 

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы массасы 75 мың текше метрді құраған 52 профилактикалық қар көшкіні түсірілді.

"Қауіпті учаскелерде 108 ескерту қалқаны қойылған. Мұнда ақпараттық және ескерту қалқандары қойылып, жерүсті зерттеп-қарау жұмыстары жүргізіледі. Қар көшкінінің өздігінен түсуіне және профилактикалық түсуіне уақытылы ден қою үшін 115 адамнан тұратын 16 құралым және 72 бірлік  техника дайындалды. Жағдай бақылауда", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу