Қыс басталғалы елордадан 2,6 млн текше метр қар шығарылды

455

Қалада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Қыс басталғалы елордадан 2,6 млн текше метр қар шығарылды Фото: gov.kz

Қыс басталғалы Астанадан 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25 қаңтарға қараған түні Астанадан қар полигондарына 16 мың текше метр қар немесе 1 255 рейс шығарылды. 25 қаңтар күні таңертең қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды", - деп хабарлады әкімдік.

Қыс мезгілі басталғалы бас қаладан 2,6 млн текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 209,1 мың ауыр жүк көлеміне тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу