"Қыс мезгілінде ауғанстандықтардың өмірін сақтап қалу керек"

824

БҰҰ Босқындар жөніндегі Агенттік Ауғанстанға Термез қаласынан (Өзбекстан) гуманитарлық көмек жіберді.  

"Қыс мезгілінде ауғанстандықтардың өмірін сақтап қалу керек"

"Қазір миллиондаған ауғандық азық-түлікке зар болып отыр. Қыс мезгілінде олардың өмірін сақтап қалу және гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін шұғыл көмек қажет", - деді БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігінің аға кеңесшісі Франк Ремус. 

Агенттік Ауғанстанға Термез қаласынан (Өзбекстан) гуманитарлық көмек жіберді. Онда негізгі қажетті азық-түлік пен полимерлі пленка сияқты 40 тоннаға жуық жүк бар. Бұлар 2021 жылдың қазан-қараша айларында Термез қаласында әуе мен құрлық арқылы жиналған болатын. Енді Ауғанстанға жүк машиналарымен жөнелтіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетейік, Термездегі хаб Ауғанстан, Иран және Орталық Азиядағы БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігінің операцияларына көмек көрсету үшін гуманитарлық жүктерді шоғырландыру-жіберу пункті ретінде пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу